СҚО түлектеріне "Алтын белгі" табыс етілді

СҚО түлектеріне "Алтын белгі" табыс етілді

🎓 Солтүстікқазақстандық 3,6 мың оқушы мектепті аяқтады. Емтихандар артта қалды, аттестаттар табысталды — алда жаңа белестер мен мүмкіндіктер!

🏅 «Алтын белгі» иегері атанған 124 түлек ерекше құттықтауға лайық! Бұл жай ғана марапат емес — бұл табандылықтың, мақсатқа ұмтылудың және білімге деген сүйіспеншіліктің символы.

🌟 Бүгін алаңда мектептегі ең жоғары марапат — «Алтын белгіні» СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов түлектерге салтанатты түрде табыс етті. 

 

"Бұл тек түлектердің жеке жетістіктерінің ғана емес, сонымен қатар білім беру саласындағы жүйелі жұмыстың, ата-аналардың қолдауы мен ұстаздардың жанкешті еңбегінің нәтижесі. Қазақстанның болашағы — білімді, талантты жастардың қолында. Жолдарың ашық, болашақтарың жарқын болсын! Ақ жол, жас түлектер!", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.