Тайыншада инвестордың қаржысына жаңа споркешен салынды

Тайыншада инвестордың қаржысына жаңа споркешен салынды

Бүгін Тайыншада жеке инвестордың есебінен заманауи спорт кешені ашылды. Жобаны 374 млн.теңгеге  Ерік Балапанов  бастаған "KazFoodProducts" холдингі  жүзеге асырды. 

"Бизнестің әлеуметтік нысандар салу бастамасы – әлеуметтік жауапкершілік пен мемлекет пен жекеменшік әріптестіктің жарқын үлгісі. Бұл ауыл тұрғындары мен балалардың салауатты өмір салты мен бос уақытын тиімді өткізуге қосқан зор үлес", - деп ата өтті облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

🏭 Бұдан кейін  өңір басшысы "KazFoodProducts" холдингіне кіретін  бидайды терең өңдейтін «BioOperations» ЖШС зауытына барып, «EMC Agro» шошқа кешенін кеңейту жобасымен де танысты. Сондай-ақ өңірге инвестиция тарту және ынтымақтастықты дамыту мақсатында Chevron компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

👨‍👩‍👧‍👦 Тайыншада отбасын қолдау орталығы жаңғыртудан кейін қайта ашылды. Мұнда қоғамдық өкілдермен кездесу өтті. Орталыққа мамандардың жұмысын жеңілдету үшін жаңа автокөлік берілді. Бұл жерде отбасыларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетіліп, жұмысқа орналасуға жәрдем беріледі.

🚰 Сонымен қатар, ауылдарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жобалары қаралды. Қазір Булаев топтық су құбыры қайта жаңғыртылып, 4-кезең аясында жаңа су құбырлары салынуда. Бұл жоба шамамен 6 мың тұрғыны бар 14 ауылды сумен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл ауданның тұрақты дамуы үшін маңызды қадам.