Петропавлда Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың жүлделеріне арналған республикалық көпкүндік веложарыс өтті

Петропавлда Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың жүлделеріне арналған республикалық көпкүндік веложарыс өтті

17-21 маусым аралығында Петропавлда Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың жүлдесіне 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында республикалық көпкүндік тас жол жарысы өтті.

Жарысқа Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының 7 командасын, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының құрамасын ұсынған 38 спортшы қатысты.

Жарыс бес кезеңнен тұрды:

  • 1 кезең — 40 шақырымдық командалық жарыс
  • 2 кезең — 70 шақырымдық командалық жарыс
  • 3 кезең — 59 шақырымдық командалық жарыс
  • 4 кезең — 70 шақырымдық командалық жарыс
  • 5 кезең —20 шақырымдық жеке жарыс

Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы бірінші орынды иеленді.

Жеңімпаздарға кубоктар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Турнир жастар велоспортының дамуындағы маңызды оқиға болды және қатысушыларға өздерін жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік берді.