🔹СҚО әкімінің Есіл ауданына жұмыс сапары. Солтүстікте диқан туған ауылына мектеп салып жатыр

🔹СҚО әкімінің Есіл ауданына жұмыс сапары. Солтүстікте диқан туған ауылына мектеп салып жатыр

Еңбек ауылы — нағыз патриотизмнің үлгісі

🤝 СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың Есіл ауданына жұмыс сапары Еңбек ауылынан басталды. Мұнда шын мәнінде бейжай қарамайтын, бастамашыл тұрғындар тұрады. «Бай Еңбек» ЖШС басшысы Қайырбек Қожасов 350 млн.тг инвестицияға ауылдастарына жаңа бастауыш мектеп салып жатыр. Бұл — туған жерге деген сүйіспеншілік пен әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісі.

 

🚫 Айта кетерлігі, Еңбек ауылы «Салауатты ауыл » акциясына қосылып, тұрғындар ішімдіктен өз еркімен бас тартты. Бүгінде облыста 18 ауыл салауатты өмір салтын және тәртіпті таңдады.

 

🤝 Үлгілі ауыл — Ильинское

Диқан Александр Бурлевтің басшылығымен «Ильинское» ЖШС ауыл шаруашылығын ғана дамытып қоймай, адамдарға деген қамқорлықтың да жарқын үлгісін көрсетіп отыр. Ол жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, балалар мен спортпен айналысуға арналған көпфункционалды алаң салды. Шаруашылық жергілікті тұрғындарға тұрмыстық мәселелерден бастап әлеуметтік бастамаларға дейін жан-жақты көмек көрсетуде.

 

🛣️ Жол жөндеуді бақылау

Сапар барысында өңір басшысы республикалық маңызы бар Петропавл–Жезқазған тас жолын жөндеу және Покровка–Ильинка–Мектеп ауылдарын байланыстыратын жолдың жөнделуін тексерді.

 

🌿 Аграрлық нысандар

Облыс әкімі «Стрелец» жеке кәсіпкерлігінің биогумус өндірісімен және құрт өсіру жұмысымен, орман көшеттерін өсіретін питомниктің қызметімен танысты. Шаруалармен астық кептіру алаңында кездесу өткізіп, шөп дайындау барысын тексерді.

 

👦 «Родник» балалар лагері

Балалар үшін жайлы демалыс пен даму жағдайы жасалған лагерьдің жаңартылған инфрақұрылымын аралады. 

 

🏠 Мемлекеттік қызметшілерге баспана

23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күні. Кәсіби мереке қарсаңында Явленкада бірқатар мемлекеттік қызметшілерге жаңа үйлердің кілттері табысталды. Бұл — өңір дамуына өз үлесін қосып жүрген ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.

 

🎤 Халықпен кездесу

Сапар соңында аудан тұрғындарымен ауылдық Мәдениет үйінде кездесу өтті. Ұсыныстар мен сұрақтар тыңдалды — бәрі де назарға алынып, алдағы уақытта қаралатын болады.

 

https://www.instagram.com/sko_akimdik/?igsh=NXN4cjB6b2FzdXlr&utm_source=qr#