Бүгін Бескөлдегі ипподромда ұлттық ат спортының басты оқиғаларының бірі — бәйгеден ел чемпионатының 4-іріктеу кезеңі өтті. Қомақты жүлде қоры мен финалға жолдама үшін елдің мықты шабандоздары бақ сынасты.
Солтүстік Қазақстан облысының намысын 13 спортшы қорғап, жорға жарысы бойынша екі солтүстікқазақстандық шабандоз жүлделі орындарға ие болды!
🥈 Әлия Тоқтасынова және Град Лок есімді аты — екінші орын
🥉 Андрей Ровдо және Триумф есімді аты — үшінші орын.
Бұл жеңістер — солтүстікқазақстандық спортшылардың жоғары деңгейде дайындалғанын және ұлттық спорт түрлерінде көшбасшы болуға деген ұмтылысын дәлелдейді.