Өңірде ақ халатты абзал жандар ұлықталды. Медициналық қызметкер күніне орай өткен салтанатты жиында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов денсаулық сақтау саласының мамандарын құттықтап, марапаттарды табыс етті.
"Дәрігер болу – жай ғана мамандық емес. Бұл – жанқиярлықты, табандылық пен үлкен жүректі қажет ететін ерекше миссия. Сіздер күн сайын адамдарға үміт, саулық және өмір сыйлайсыздар", - деді өңір басшысы.
🏥 Облыста медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде:
🏡 Ауылдарда 46 медициналық нысан салынды — 55 мың ауыл тұрғыны сапалы медицинаға қол жеткізді
🏢 3 заманауи емхана пайдалануға берілді
💰 Медициналық жабдықтарды сатып алуға бөлінетін қаржы 1,5 есе өсіп, 8,5 млрд теңгеге жетті
🧲 Ангиограф, МРТ, КТ, УДЗ және рентген алынуда
👩⚕️ Тар бейінді мамандарға 8,5 млн теңге көтермеақы төленуде
⚡ Облыста алғаш рет қатерлі ісікті емдеуге арналған инновациялық желілік үдеткіш іске қосылды
"Бүгінгі марапаттар – сіздердің еңбектеріңізге берілген әділ баға мен қоғамның шынайы алғысының көрінісі. Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, отбасы амандығын және толағай табыстар тілеймін!", - деді облыс әкімі.