Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жас офицерлерінің 25-ші шығарылымы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жас офицерлерінің 25-ші шығарылымы

2025 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының жас офицерлерінің салтанатты шығарылымы өтті.

Іс – шараға Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Балтабеков Аңсаған Скендерұлы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы, Тәжікстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің өкілдері, сондай-ақ өңірдің жергілікті атқарушы органдарының бірінші басшылары қатысты.

Іс-шара аясында түлектерге әскери оқу орнын бітіргені туралы дипломдар табысталды. Олардың арасында үкіметаралық келісімдер шеңберінде оқудан өткен Тәжікстан Республикасынан келген төрт офицер бар.

Биыл Академия әскери бөлімдерге Қазақстанда да, шетелде де қызмет ететін 200-ге жуық офицерді жібереді.

Академияны үздік бітірген бес түлекке ерекше назар аударылды. Бұл жас офицерлер Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің қолынан мерзімінен бұрын лейтенанттық погондар алды. Олар: Диас Беделбай, Әділет Шалқарұлы, Азамат Зулкарнаев, Думан Айткенов, Әмір Төлеуханов.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясы түрлі мамандықтар мен офицерлік кадрлардың әскери мамандарын даярлауда шешуші орынды иеленуді жалғастыруда. Бұл республиканың бүкіл аумағында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, Құқық қорғау күштері үшін офицерлерді дайындайтын елдегі жалғыз оқу орны.