Солтүстікте Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтілді

Солтүстікте Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтілді

Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілуде — бұл Тәуелсіздігіміздің рухын және ұлттық бірлікті бейнелейтін ерекше дата. Айтулы күнге орай облыс орталығында СҚО әкімінің қатысуымен мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті, сондай-ақ еліміз бен өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға марапаттар салтанатты түрде табысталды.

Ту, Елтаңба және Әнұран — бұл жай ғана белгілер емес. Олар — бостандықтың, патриотизмнің, тарихымызға, ана тілімізге, мәдениетіміз бен дәстүрлерімізге деген құрметтің символдары. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет — Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі және әр азаматтың парызы.

"Баршаңызға шын жүректен бейбіт өмір, бақыт, амандық және гүлденген Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін. Көк Туымыз әрдайым желбірей берсін! Мереке құтты болсын!", - деп атап өтті өңір басшысы.