Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдап, өңір тұрғындары баспана және жер қатынастарына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Қабылдау қорытындысы бойынша облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдарға көтерілген мәселелерді жедел шешу бойынша нақты шаралар қабылдауды және олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.