Явленкада терроризмге қарсы комиссияның көшпелі отырысы өтті

Явленкада терроризмге қарсы комиссияның көшпелі отырысы өтті

Есіл ауданында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен құқық қорғау, арнайы және атқарушы органдардың, аудан әкімдерінің қатысуымен Терроризмге қарсы комиссияның көшпелі отырысы өтті. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басты басымдығы.

Отырыс барысында экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік жүйені дамыту жөніндегі Кешенді жоспардың іске асырылу барысы қаралды. Әсіресе алдын-алу, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және ықтимал қатерлерге әрекет ету тетіктерін жетілдіру мәселелеріне баса назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы профилактикалық жұмыстар мен нысандардың қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Комиссия мүшелері сондай-ақ Явленка ауылындағы мектеп, аудандық полиция бөлімі, сауда үйі және әкімдік ғимараты сияқты әлеуметтік және мемлекеттік нысандарды аралап, олардың терроризмге қарсы қорғалу деңгейін тексерді.