Қызылжар ауданының оқушылары есірткі граффитиіне қарсы күресте көмектеседі

Қызылжар ауданының оқушылары есірткі граффитиіне қарсы күресте көмектеседі

Қызылжар ауданы Бескөл ауылында есірткі сататын интернет-дүкендерді жарнамалайтын граффитиді анықтау және жою бойынша акция өтті. Іс-шараға төрт жергілікті мектептің оқушылары қатысты.
Акцияны полиция бөлімі прокуратурамен бірлесіп ұйымдастырды. Анықталған жазулар дереу жойылады, ал олардағы сілтемелер кейіннен бұғаттау үшін прокуратураға беріледі.

Қызылжар аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Айдос Қилыкешовтың айтуынша, мұндай іс-шаралар прокуратурамен, жастар бастамалары орталығымен және еріктілермен бірлесіп үнемі өткізіліп тұрады.

"Біз брошюралар таратамыз, қараусыз қалған ғимараттар мен жастар жиналатын орындарды тексереміз, болашақта балалар есірткі қылмысының құрбаны болмас үшін Telegram және Instagram — да сілтемелер таратылмайтындай суреттерді анықтаймыз", - деп атап өтті Қилыкешов.

Келесі рейд Новоникольск ауылдық округінде жоспарланған.