Негізгі салалардағы өсім: СҚО-да 4 айдың қорытындылары шығарылды

Негізгі салалардағы өсім: СҚО-да 4 айдың қорытындылары шығарылды

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында 2025 жылдың алғашқы төрт айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары талқыланды.

Аталған кезеңде облыс экономикасы 6,2% өсім көрсетті. Негізгі салалардағы оң динамика байқалды:

 

✅️құрылыс — 29,1% өсім;

✅️сауда — 12,5%;

✅️ауыл шаруашылығы — 7,4% 

✅️өнеркәсіп — 3,7%;

✅️тұрғын үйді беру — 7,6%;

✅️байланыс — 3,2%.

 

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі келесі тапсырмаларды жүктеді:

▪️7% экономикалық өсімді қамтамасыз ету;

▪️инфрақұрылымдық жобаларды уақытылы жүзеге асыру;

▪️жаңа инвестжобаларды тарту және іске асыру бойынша нақты шаралар қабылдау.