GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
22 октября 2026
СҚО намысын қорғаған Иван Залезняк Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды

Солтүстікқазақстандық спортшы Иван Залезняк Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды. Пара жеңіл атлетикадан ядро итеру сайысында ол 12,71 метр нәтижемен үшінші орынды иеленді.

Иван Залезняк – осы беделді халықаралық жарысқа Солтүстік Қазақстан облысынан қатысқан жалғыз спортшы. Ол Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетіп, өңіріміздің намысын абыроймен қорғады. Айта кетейік, бұл – спортшының Азия Пара ойындарында жеңіп алған үшінші қола медалі. Бұған дейін ол 2018 және 2023 жылдары да жүлдегер атанған болатын.

Облыс әкімі Иван Залезняк пен оның жаттықтырушысы Дмитрий Клеевті жоғары спорттық жетістігімен құттықтады.

«Бұл медаль – қажырлы еңбектің, табандылық пен мақсатқа деген адалдықтың жемісі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, халықаралық ареналарда жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспін»,- деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде. 

21 октября 2026
ЭКО-БАРАБАН, командалық ойын және 100 ағаш: Петропавлда «Волонтерлер аллеясы-2026» ашылды

 

 

Қазақстанда экологиялық мәдениетті дамытуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға ерекше мән беріледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экология мәселелеріне және азаматтарды табиғатты қорғау бастамаларына тартуға айрықша көңіл бөледі. Бұл бағыттағы маңызды бастамалардың бірі - тұрғындарды тазалық пен абаттандыру ісіне жұмылдыратын жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы.

Петропавлда осы бастама аясында «ЭКО-БАРАБАН: айналдыр да, әрекет ет!» атты интерактивті командалық ойын өткізіліп, ағаштар отырғызылды және «Волонтерлер аллеясы-2026» ашылды. Іс-шара Подгора шағын ауданында ұйымдастырылып, жастарды, волонтерлерді және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін біріктірді.

Іс-шараның негізгі оқиғасы «ЭКО-БАРАБАН: айналдыр да, әрекет ет!» командалық ойыны болды. Интерактивті формат қатысушыларға экология саласындағы білімдерін тексеруге мүмкіндік берді. Олар барабанды айналдырып, түскен секторға сәйкес тапсырмаларды орындады, қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу, су мен электр энергиясын үнемдеу туралы сұрақтарға жауап берді. Бағдарламаға блиц-викторина, «Шындық па, миф пе?» ойыны және экологиялық ұғымдарды сөзсіз түсіндіруге арналған тапсырмалар да енгізілді. Мұндай формат экология тақырыбын қызықты әрі түсінікті етіп, пайдалы білімді, командалық жұмысты және еркін қарым-қатынасты ұштастырды.

Экологиялық бағдарламаның жалғасы ретінде ағаш отырғызу акциясы өтті. Подгора шағын ауданында қайың, алма ағаштары мен долана көшеттерін қоса алғанда, 100 ағаш отырғызылды. Акция су тасқынынан зардап шеккен аумақты көгалдандыруға және одан әрі абаттандыруға, сондай-ақ қиын кезеңде жерлестеріне көмектесу үшін біріккен адамдардың еңбегін есте сақтауға бағытталды.

Осы аумақта «Волонтерлер аллеясы-2026» да ашылды. Ол тұрғындарға қолдау көрсетіп, шағын ауданды қалпына келтіруге атсалысқан жандарға алғыс білдірудің, өзара көмектің және ынтымақтастықтың символына айналды. Волонтерлердің халықаралық жылында жүзеге асқан бастама еріктілер қозғалысының қоғам өміріндегі маңызын айқындай түсті.

Экологиялық акция экологиялық ағарту, көгалдандыру және волонтерлікті дамыту бағыттарын бір арнаға тоғыстырды. Бұл бастама экологиялық іс-шаралардың бір реттік акциямен шектелмейтінін көрсетті. Қатысушылар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәселелерін талқылап қана қоймай, қалалық аумақты абаттандыруға нақты үлес қосты. Ал «Волонтерлер аллеясы-2026» туған өлкені көркейту әр адамның жеке бастамасы мен бірлескен іс-әрекетінен басталатынын еске салып тұрады.

 

#ТазаҚазақстан #тұрақтыдаму #тазаел #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

 

 

17 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысында Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді

Республика күнін мерекелеу қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Олар 2026 жылдың 17 қазанында басталып, 27 қазанды қоса алғанда жалғасады. Осы акциялар аясында сатып алушыларға жеңілдетілген бағамен тауарлардың кең ассортименті ұсынылады.

Мерекелік ұсыныстардың ең қанық кезеңі 21–27 қазан аралығында күтіледі. Дәл осы күндерге акциялық бағдарламалардың, арнайы баға ұсыныстары мен мерекелік сауда-саттықтардың негізгі бөлігі келеді. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Жалпы республикалық науқанның бастамашылары Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар болды.

Акциялардың өткізілуі ұлттық мерекеге орайластырылған және қажетті тауарларды халық үшін қолжетімді етуге, сатып алушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Облыс аумағындағы «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімі мен олардың орналасқан мекенжайларымен төменде танысуға болады.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акцияларына қатысатын сауда нысандарының тізбесі

«Republic Day акциясына қатысатын сауда объектілерінің тізбесі

1

СҚО

ТРЦ

Dostyq Mall

Петропавл қ.
М. Жұмабаева 91

2

СҚО

ТРЦ

City Mall

Петропавл қ. Ш.Уалиханова 56

3

СҚО

ТЦ

Рахмет

Петропавл қ.

К. Сутюшева 58Б

4

СҚО

ТД

Пирамида

Петропавл қ. Батыр Баян 11/1

5

СҚО

ТД

Айсберг

Петропавл қ. Жамбыла 190

6

СҚО

ТД

Сокол

Петропавл қ. Н.Назрбаева 115

7

СҚО

ТД

Технодом

Петропавл қ.

К. Сутюшева 58Б

8

СҚО

ТД

Сулпак

Петропавл қ. Ш.Уалиханова 31

9

СҚО

ТД

Мечта

Петропавл қ. Жамбыла 59Б

10

СҚО

ТД

ДНС

Петропавл қ. Сутюшева 60

«Bereke Fest» акциясына қатысатын сауда объектілерінің тізбесі

1

СҚО

ТС

Семейный

Петропавл қ., М. Жумабаева 138

2

СҚО

ТС

Семейный

Петропавл қ. Н. Назарбаева 252

3

СҚО

ТС

Семейный

Петропавл қ., Конституции 13

4

СҚО

ТС

Семейный

Петропавл қ., Назарбаева 339/Б

5

СҚО

ТС

Семейный

Петропавл қ., Кизатова 3Е

6

СҚО

ТС

Семейный

Сергеевка қ., Победы 15

7

СҚО

ТС

Семейный

Мамлютка қ., Победы 64

8

СҚО

ТС

Семейный

Тайынша қ., Конституции 111

9

СҚО

ТС

Семейный

Новоишимское ауылы, Локомотивная 6А

10

СҚО

ТС

Северный

Петропавл қ., Н.Назарбаева 201

11

СҚО

ТС

Северный

Петропавл қ., К.Сутюшева 58Б

12

СҚО

ТС

Северный

Петропавл қ., Дусухамбетова 17в

13

СҚО

ТС

Северный

Петропавл қ., Жамбыла 179

14

СҚО

ТС

Аймер

Петропавл қ., М.Жумабаева 91

15

СҚО

ТС

Аймер

Петропавл қ., Конституции 74

16

СҚО

Супермаркет

Айсберг

Петропавл қ., Жамбыла 190

17

СҚО

Супермаркет

Пирамида

Петропавл қ.

Батыр Баян 11/1

 

17 октября 2026
СҚО-да етті мал шаруашылығының әлеуетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Өңірге алғаш рет Австралиядан асыл тұқымды ірі қара тікелей жеткізілді. Алғашқы әуе рейсімен абердин-ангус тұқымды 304 бас ірі қара әкелінді. Олар Шал ақын ауданындағы «Asyl Farms» ЖШС-не жіберіледі.

Мал шаруашылығын дамыту және өңірдің асыл тұқымды мал базасын қалыптастыру – агроөнеркәсіп кешенінің басым бағыттарының бірі. Жыл басынан бері облысқа Германия мен Даниядан 3 мыңнан астам асыл тұқымды ірі қара жеткізілді. Жыл соңына дейін Австралиядан тағы 10 әуе рейсін қабылдау жоспарланып отыр. Жалпы, шетелден әкелінетін мал басын 11 мың ірі қараға және 1,5 мыңнан астам ұсақ мал жеткізу көзделген.

Бүгінде өңірде 118 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді, оның 50-і – заманауи кешендер. «Береке» және «Игілік» мемлекеттік бағдарламалары аясында жылдық 6 % мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру қарастырылған. Облыста жалпы құны 15 млрд теңгені құрайтын 23 жобадан тұратын пул бекітілді. Аталған жобаларды жүзеге асыру өңірде өнімділігі жоғары асыл тұқымды ірі қара базасын қалыптастыруға, сапалы ет өндірісін ұлғайтуға және экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

16 октября 2026
Облыс әкімінің Халықаралық нан күніне арналған құттықтауы

16 қазан – Халықаралық нан күні. Нан – қай заманда да тіршіліктің нәрі, береке мен молшылықтың, ырыс пен ынтымақтың символы. Әрбір алтын дәнде туған жерге деген сүйіспеншілік, адал еңбек пен маңдай тердің табы жатыр.

Астықты өлке саналатын Солтүстік Қазақстан облысы үшін бұл күннің мәні ерекше. Өңіріміз еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қомақты үлес қосып келеді. Диқандардың жыл сайынғы толайым табыстары облысымыздың аграрлық әлеуетінің жоғары екенін айқын көрсетеді.

Биыл да диқандарымыз еселі еңбектің жемісін көріп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Облыста дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 17 центнерді құрады. Бұл – еліміздің негізгі астықты өңірлері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Осынау жетістіктердің артында мыңдаған ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі, кәсіби шеберлігі мен табандылығы тұр. Жердің берекесін арттырып, ел ырысын еселеп жүрген барша еңбек адамдарына шынайы алғысымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге бейбітшілік пен құт-береке тілеймін! 

16 октября 2026
СҚО әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өңір тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерді тыңдады.

Қабылдау барысында тұрғын үй және жер қатынастары, мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту мәселелері көтерілді. Әрбір өтініш жеке қаралып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне назар аударылды.

Қабылдау қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына нақты тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, тиісті шаралар қабылдауды міндеттеді. Тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынды.

15 октября 2026
СҚО-да облыстық мәслихаттың VIII шақырылым депутаттарына құрмет көрсетілді

Өңір басшысы  Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық мәслихаттың VIII шақырылым депутаттарының қызметін қорытындылауға арналған салтанатты жиынға қатысты.

12 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.Алдағы кезектен тыс сайлау еліміздегі саяси жаңғырудың, өкілді органдардың рөлін одан әрі арттырудың маңызды кезеңі болмақ.

VIII шақырылымдағы облыстық мәслихаттың жұмыс кезеңінде 40 сессия өткізіліп, 463 шешім, оның ішінде 93 нормативтік құқықтық акт қабылданды. Өңір басшысы депутаттық корпус пен атқарушы билік арасындағы сындарлы ынтымақтастықты ерекше атап өтті. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды бастамалар жүзеге асырылды.

Ғауез Нұрмұхамбетов депутаттарға нәтижелі еңбегі, белсенді азаматтық ұстанымы және өңірдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Салтанатты жиында облыс әкімі депутаттарға Құрмет грамоталарын табыстап, Солтүстік Қазақстан облысының 90 жылдығына арналған мерейтойлық кітаптарды тарту етті.

13 октября 2026
Облыс әкімі СҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жаңа басшысын таныстырды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының бұйрығымен Сакен Жұмағалиұлы Қасымов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Сакен Жұмағалиұлы 46 жаста. Қызылорда облысының тумасы. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Алматы қаласының Қазынашылық департаментінде, Астана қаласының Салық комитетінде жетекші және бас маман болып жұмыс істеген. ҚР Қаржы министрлігінде сарапшы, бас сарапшы лауазымдарын атқарған. Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінде басшының орынбасары және басшы болып қызмет еткен.

Осы тағайындауға дейін Сакен Жұмағалиұлы Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы қызметін атқарған.

09 октября 2026
Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда жаңа инвестициялық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ғ. Мүсірепов атындағы ауданға жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларындағы жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

✔️ Новоишим ауылында төрт жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмай тұрған бұрынғы туберкулезге қарсы диспансер ғимаратын қайта жаңғырту жоспарлануда. Мұнда бірнеше ауданның 95 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсететін, бейінді мамандардың медициналық көмегін қолжетімді ететін ауданаралық аурухана ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Өңір басшысы жобаны жан-жақты пысықтауды, сондай-ақ Тахтаброд ауылындағы медицина мамандарының тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды.

✔️ Ауылдық денсаулық сақтау саласын дамытуға жергілікті аграршылар да елеулі қолдау көрсетуде. Ғ. Мүсірепов атындағы аудан М. Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бастаған игі бастаманы қолдаған үшінші аудан болды. Кәсіпкерлердің қаражатына аудандық аурухана үшін жалпы құны 70 млн теңгеге жуық 7 жедел жәрдем көлігі сатып алынды. Нәтижесінде аудандағы 17 ауылдық округтің барлығы арнайы көлікпен қамтамасыз етілді. Облыс әкімі ауыл медицинасының дамуына үлес қосқан кәсіпкерлерге алғыс білдірді.

✔️ Жұмыс сапары барысында инвестициялық жобаларға да ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы құрылыс саласына, өндіріске және халықты жұмыспен қамтуға тың серпін беретін ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізу міндетін қойды. Бұл бағытта ауданда нақты жобалар жүзеге асырылуда. «Ак Нан Север» ЖШС құны 16 млрд теңгеден асатын элеватор кешені бар азық-түлік өндірістік паркін салуда. Жобаның алғашқы кезеңінде сыйымдылығы 80 мың тоннадан асатын астық қоймасын салу және жалпы өнімділігі сағатына 400 тонна болатын екі астық кептіру мұнарасын орнату көзделген. Алдағы уақытта астық сақтау қуатын 400 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.

✔️ Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы да қарқынды дамуда. «Қазақстан Бидайы» ЖШС жарма мен үлпек өндіретін жаңа зауытты іске қосуға дайындық жүргізуде. «Kazmeal Ltd» ЖШС экспортқа бағытталған құрама жем өндірісін дамытуда. Ал «Kazmeal Oil» компаниясы шамамен 80 млрд теңге инвестиция құйылатын май экстракциялау зауытын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ облыс әкімі өсімдік майын өндіретін «Маслодел» кәсіпорнының жұмысымен танысты. Бұл жобалар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге және дайын өнім шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

✔️ Пайдаланылмай тұрған нысандарды қайтадан экономикалық айналымға енгізу мәселесіне де назар аударылды. Атап айтқанда, «Колос 2020» ЖШС 20 жылдан астам уақыт жұмыс істемеген мұнай базасын сатып алып, оны қалпына келтіруге 450 млн теңге инвестиция салды. Облыс әкімі аудан әкімдеріне осындай нысандарды қайта іске қосу үшін инвесторлар тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

✔️ Жұмыс сапарының соңында Ғауез Нұрмұхамбетов аудан тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Кездесуде көтерілген барлық мәселе бақылауға алынды.

06 октября 2026
СҚО-да педагогтерге құрмет көрсетілді

Бүгін өңірде Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңір педагогтерін кәсіби мерекемен құттықтап, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі еңбектері үшін алғысын білдірді.

«Бүгінде өңірдің білім беру саласында 16 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Бұл - әр буын өкілдерін біріктіретін үлкен кәсіби қауымдастық. Оларды мамандыққа адалдық, балалардың болашағына деген жауапкершілік және сапалы білім беруге деген ұмтылыс біріктіреді. Солтүстік Қазақстан мектебінің берік дәстүрлерінің бірі - ұрпақтар сабақтастығы. Өңірде ұстаздық жолды ұрпақтан ұрпаққа жалғап келе жатқан педагогикалық әулеттер аз емес. Мұндай отбасыларда мамандыққа деген сүйіспеншілік, білім мен тәжірибе, ұстаздық жауапкершілік кейінгі буынға аманат болып беріледі»,- деді өңір басшысы.

Өңірдің білім беру жүйесі жүйелі түрде дамып келеді. Білім беру инфрақұрылымы жаңартылып, заманауи технологиялар мен оқытудың жаңа тәсілдері енгізілуде, педагогтердің кәсіби дамуына қажетті жағдайлар жасалуда.Атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесі оқушылардың жетістіктерінен де көрініс табуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰБТ қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық түлектердің жоғары нәтижелерін атап өтті. Өңір халықаралық деңгейде де лайықты көрсеткіштерге ие. PISA-2025 халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің үздік үш өңірінің қатарына енді.

Мемлекет мұғалім мәртебесін арттыруға және педагогтердің еңбегін лайықты бағалауға ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысының қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын «Мәңгілік» би ансамблінің көркемдік жетекшісі Михаил Лахтин алды.

Салтанатты іс-шара барысында өңірдің 46 педагогі мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Кәсіби шеберлігімен, көп жылғы адал еңбегімен және жетістіктерімен Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген ұстаздардың еңбегі лайықты бағаланды.

Облыс әкімі педагогтерге мамандыққа адалдығы, жауапты еңбегі және өңірдің болашағына қосып жүрген үлесі үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, отбасыларына амандық, кәсіби табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы