Меню

Страницы

Статья

Әйелдер мен балаларды жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстан қорғау туралы

2022 жылдың 1-шi жарты жылдығының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған 44 қылмыс тiркелдi, өсiм 12,8% (2021 жылы — 39).

44 қылмыстың iшiнде кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қол сұғатын 20 қылмыс болды (2021 ж. — 18, 11,1%-ға өстi).

Осы жылы жасы бойынша жыныстық сипаттағы қылмыстардың құрбандары мыналар болып табылады: 13 жас — 5, 14 жас — 15 жас — 15.

Анықтама ретiнде: ҚР ҚК 120-бабы бойынша зорлау — 5 (2021 ж. — 7), ҚР ҚК 121-бабы сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерi — 1 (2021 ж. — 2), ҚР ҚК 122-бабы бойынша 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау — 14 (2021 ж. — 7), ҚР ҚК 123-бабы (жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу) — 0 (2021 ж. — 1), ҚР ҚК 124- бабы (жас балаларды азғындату) — 0 (2021 ж. — 1).

ҚР ҚК 120-бабы (зорлау) бойынша барлық қылмыстар — 22, өсiм — 25% (2021 ж. — 8) құрады.

Әйелдерге қатысты жасалған тiркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың (зорлық-зомбылық фактiлерiнiң) — 13,3% (75-тен 65 фактiге дейiн) төмендегенi байқалады.

Қылмысты азайту жөнiндегi шаралар:

  • ай сайын кәмелетке толмағандардың жүктiлiгiн жасыру фактiлерiн анықтау үшiн денсаулық сақтау мекемелерiмен салыстырып тексеру жүргiзiледi;
  • қолайсыз отбасыларды, атап айтқанда: өмiрлiк қиын жағдайда жүрген отбасыларды, қолайсыз отбасыларды тексеру және анықтау бойынша тұрақты түрде жедел-алдын алу iс-шаралары жүргiзiледi;
  • «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi мобильдi топ» қызметiн үздiксiз жүзеге асырады, оның құрамына прокуратура, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссия, бiлiм бөлiмi, полиция басқармасы, психикалық денсаулық орталығы, қорғаншылық және қамқоршылық органы өкiлдерi, педагог-психолог, әлеуметтiк педагог кiредi.

Осы жылдың басынан бастап 210 рейдтiк iс-шара, 50 жергiлiктi iс-шара өткiзiлдi.

Анықтама ретiнде: 1776 заңды өкiл, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын 536 ата-ана тартылды, 16 мекеме иесi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Ювеналды полиция бөлiмшесiнде 226 қолайсыз ата-ана есепте тұр, оларға тұрақты бақылау жүзеге асырылады.

Бiлiм беру ұйымдарында адамгершiлiк-жыныстық тәрбиенiң алдын алу жүзеге асырылады (844 әлеуметтiк педагог пен психолог, 76 кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi учаскелiк полиция инспекторы).

Қиын өмiрлiк жағдайға тап болған балалардың құқықтарын анықтаумен және қорғаумен қорғаншылық және қамқоршылық органының функцияларын орындайтын 22 маман айналысады (1-ден — аудандарда, 9-қалада).

Өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайту мақсатында, оның iшiнде ұрпақты болу денсаулығы мәселелерi бойынша, бiлiм беру ұйымдарында мыналар өткiзiлдi:

  • 400-ден астам iс-шара (жоғары сынып оқушыларына арналған пiкiрталастар, дөңгелек үстелдер, дәрiстер, әңгiмелесулер, семинар-тренингтер және т.б.);
  • Кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиямен, оның iшiнде жедел-профилактикалық iс-шаралар шеңберiнде («Подросток. Закон. Безопасность», «Дорога в школу», «Детство без жестокости и насилия», «Скажи жизни «ДА!», «Улица», «12 дней борьбы против эксплуатации детского труда», психологилық денсаулық онкүндiгi «Мен мықты болсам — Қазақстан да мықты» және т.б.) тығыз өзара әрекет ету жүзеге асырылады;
  • Әкелер кеңесiнiң (облыс мектептерi жанында — 321), Аналар кеңесiнiң (аудандар мен облыста — 14) жұмысы күшейтiлдi;
  • Мектеп медиациясы қызметiнiң жұмысы ұйымдастырылды (облыстың 399 бiлiм беру ұйымында);
  • 2022 жылы педагогикалық шеберлiк орталығы филиалының базасында медиация бойынша 50 педагог (2021 ж. — 40) бiлiктiлiктi арттыру курсынан өттi.
  • бiлiм беру мекемелерiнде балалар мен жасөспiрiмдерге арналған Ұлттық сенiм телефон желiсiнiң нөмiрлерiн орналастырумен 150 стенд безендiрiлдi, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетi (8 7172 742528);
  • бiлiм беру саласындағы әдiстемелiк жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының жанынан шұғыл психологиялық көмек қызметiнде («балалар мен жасөспiрiмдерге психологиялық көмек телефоны») жұмыс iстеу үшiн психологтар (4 адам) қабылданды.

Кәмелетке толмағандарға зиян келтiру туралы ақпаратты және видеоматериалдарды (буллинг, зорлық-зомбылық, балаларды құқыққа қарсы әрекеттерге тарту) жедел анықтау мақсатында Telegram мессенджерiнде чат-конференция құрылды.

Оқушылар мен олардың ата-аналарына көрсетiлетiн балалардың адамгершiлiк-жыныстық тәрбиесi (бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезiнде, ерте жүктiлiктiң алдын алу кезiнде) бойынша прокуратурамен бiрлесiп видеороликтер әзiрлендi.

Ақпараттық сүйемелдеу

Кәмелетке толмағандарға арналған «Молодежная-Жастар» газетi шығарылады (зорлық-зомбылықтың, жарақаттанудың, өлiмнiң, қорқытып алушылықтың және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың ескерту және оның алдын алу жөнiндегi өзектi мәселелер жарияланады).

Отбасы институтын нығайту және отбасылық құндылықтарды насихаттау жөнiндегi материалдар баспа БАҚ-та мына айдарларда «Гендер», «Гендерная политика», «Гендерлiк саясат», «Гендерное равенство», «Семья и общество», «Права женщин», «Общество», «Алтын ұя», «Отбасы», «Әйел бақыты» және т.б. жарияланады. адамгершiлiк құндылықтарын, отбасының және некенiң оң үлгiсiн жаңғырту, отбасы мәртебесiн көтеру мәселелерi мына бағдарламаларда «Сұхбат. Из первых уст», «ЖасStar», «Рухани қазына» и «Актуальный вопрос» телеканалов «Qyzyljar», «МТРК талқыланды».

Биылғы жылдың басынан берi өңiрдiң БАҚ-тарында 200-ден астам материал жарияланды:

  • әйелдер проблематикасын, әйелдердiң қоғамдағы рөлiн арттыру, гендерлiк теңдiк мәселелерiн жариялау;
  • үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiн ақпараттық қолдау;
  • денсаулықты нығайту және салауатты өмiр салтын насихаттау мәселелерi бойынша халықты ағарту;
  • әйелдер проблематикасына және әйелдердiң қоғамдағы рөлiн арттыру, гендерлiк теңдiк мәселелерiне арналған бағдарламалар. «Первый Северный» телеарнасында 2021 жылдан бастап «Отбасылық құндылықтар» телебағдарламасы iске қосылды.
Дата публикации
12 августа 2022
Дата обновления
12 августа 2022
Тип

Сейчас читают

03 июня 2025
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2025 жылға арналған халықпен тұрақты кездесуінің КҮНТІЗБЕСІ
02 июня 2025
Хабарландыру-аңдатпа
29 мая 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 4,11 трлн теңгеге ұлғайды

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы