Меню

Страницы

Статья

Ана мен бала өлімі проблемасы

2022 жылғы 7 ай қорытындысы бойынша әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау туралы: ана мен бала өлімі проблемасы

Облыста 3240 сәби дүниеге келді (2021 жылғы 7 айда — 3541), 1 жасқа дейінгі – 38 бала шейіт болды (2021 жылғы 7 айда — 46).

Ана өлімі тіркелген жоқ.

Анықтама ретінде: 2021 жыл қорытындысы бойынша ана өлімінің 3 жағдайы туркелді — көрсеткіш 49,58% (2021 жылғы 7 айда — 1 жағдай (33,5%).

Неонатальді өлім көрсеткіші (туғаннан 28 күнге дейін өмір сүрген балалар) — 7% тірі туған 1000 адамға шаққанда (2021 жылғы 7 айда – 6,7%).

Неонатальді өлім құрылымында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда туа біткен жүрек ауруынан қайтыс болғандар 33% 21,7% дейін төмендеді (2021 жылы 8-ден 5 жағдайға дейін).

Сәбилер өлімінің көрсеткіші (туғаннан бір жасқа дейінгі балалар) 11,7% (2021 жылдың 7 айында — 12,9% тірі туған 1000 адамға шаққанда) құрады. 2022 жылға жоспарлы облыстық көрсеткіш — 8,5 %.

«Перинаталды кезеңде пайда болған аурудан» қайтыс болу үлесі 48% 53% ( 7%, 22 — 20 жағдайға дейін), жүйке жүйесі ауруынан 0% 5,3% (5,3%, 0 — 2 жағдайға дейін), оқыс өлім синдромынан 7% 10,5% (3,5%, 3 — 4 жағдайға дейін) артты.

Сонымен қатар, 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда «Туа біткен аномалиядан» 28% 21% ( 2021 ж. 7%, 13 — 8 жағдайға дейін) азайды, тыныс алу органдары ауруынан қайтыс болған балалар үлесі 11% 2,6% (8,4%, 5 — 1 жағдайға дейін) төмендеді.

Балалар өлімінің көрсеткіші (тцғаннан 5 жасқа дейінгі балалар) 12,6% (7 месяцев 2021 г. – 15% на 1000 родившихся живыми) құрады. 2022 жылға жоспарлы облыстық көрсеткіш — 13%.

5 жасқа дейінгі балалар өлімінің 41 жағдайы тіркелді (2021 жылғы 7 айда 53 жағдай). Балалар өлімінің құрамынна 1 жасқа дейінгі қайтыс болған жағдайдың бәрі (2022 жылғы 7 ай қорытындысы бойынша 38 жағдай), сондай-ақ 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің жағдайы (2022 жылғы 7 ай қорытындысы бойынша 3 жағдай тіркелді) жатады.

Ана мен бала өлімін төмендету мақсатында жүкті болуға түбегейлі қарсы көрсеткіштері бар құнарлы жастағы әйелдерді айқындау жөнінде күн сайынғы мониторинг жүргізіледі.

Д-есепке 3158 жүкті әйел алынды, олардың 48,8% тәуекел топта, жүкті болуға түбегейлі қарсы көрсеткішімен 21, осындай әйелдердің әрқайсысына қатаң мониторинг жүргізіледі.

Аула-аулаға жүріп қарау жүргізіледі – 10 426, есепке тұрмаған 75 жүкті әйел айқындарды.

Туа біткен жүрек ауруымен туған сәбилердің санын төмендету мақсатында, Перинаталдық орталық базөасында ұрықты антенатальды қорғау бөлімшесі ашылды, онда медициналық генетикалық кеңес беру және пренаталды скрининг, генетикалық патологияны диагностикалаудың инвазивті әдісі, неонатальды және акушерлік проблемасы бойынша тәуекел тобындағы жүкті әйелдерді консультативтік қабылдау ұйымдастырылған.

Анықтама ретінде: 2022 жылғы 7 айда 95 инвазивті процедура өткізілді, 11 аномалия анықталды, оның ішінде 7 Даун синдромы.

Пренаталды скринингте 40 туа біткен жүрек ауруы анықталды (оның 27 дер уақытында алып тасталды).

Көп бейінді балалар облыстық ауруханасының базасында денсаулық сақтау басқармасының және облыстағы барлық АМСК ұйымдары өкілдерінің қатысуымен видеобайланыс режимінде 21 кеңес өткізілді.

Апта сайынғы негізде сәби өлімінің барлық жағдайын және өзекті мәселелерді талдай отырып, педиаторлық сағаттар өткізіледі. 

Дата публикации
12 августа 2022
Дата обновления
12 августа 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 августа 2025
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдінің кәсіпкерлік және индустриал-инновациалық даму басқармасы мемлекеттік қызметшілерімен кездесу
Ақпарат
14 августа 2025
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдінің цифрландыру технологиялары басқармасы мемлекеттік қызметшілерімен кездесу
Ақпарат
14 августа 2025
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік қызметшілерімен кездесу

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы