Меню

Страницы

Статья

Солтүстiк Қазақстан цифрлық хабар таратуға толық көшедi

Солтүстiк Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң тұрғындары отандық телеарналарды цифрлық форматта тамашалайды. Жаңа сапаға көшу жұмыстары аймақта 2013 жылдан берi жүрiп келедi. Телерадиохабар тарату саласындағы Ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ-ның облыстық филиалы заманауи цифрлық қондырғы орнатты, барлығы өңiрде 42 радиотелевизиялық станция тұрғызылып, модернизациядан өткiзiлдi. Петропавловск тұрғындары цифрлық форматтың артықшылықтарына қазiрдiң өзiнде оң баға берiп отыр, олар 20-дан астам отандық телеарнаны абоненттiк төлемақысыз тамашалауда.

Цифрлық станциялар облыс пен аудан орталықтары ғана емес, шағын шекаралық бекеттерде де орналасқан. Бұған дейiн шалғай ауыл тұрғындары отандық телебағдарламаларды нашар сапада, кейде тiптi көршi мемлекеттердiң арналарын қарауға мәжбүр болған едi. Ендi оларға 15 шақты қазақстандық арнаны цифрлық форматта қолжетiмдi болады.

Сапалы дыбыс пен бейнеден өзге, мамандар цифрлық хабар таратудың басқа да артықшылықтарына баса назар аударуда — арналардың көп түрлiлiгi, табиғи кедергiлерге төзiмдiлiгi мен үнемдiлiгi. Аналог арқылы берiлетiнi сигнал нашар едi, әрi кейде мүлде жоғалып кертуi мүмкiн болатын. Цифрлық эфирлiк желiде хабар едiуiр үлкен қашыққа таралады. Аналогтық желi бiр таратқыш — бiр арна принципiмен жұмыс iстейтiн. Digital-форматқа көшу бiр таратқышта 15 шақты арнаны трансляциялауға мүмкiндiк бередi.

Қазiр жаңа радиотелевизиялық станцияларда соңғы тексерiс жұмыстары жүруде. Солтүстiк Қазақстан облысы ақпан айында толығымен цифрлық хабар тарату форматына көшедi. Халықты қамту үлесi 98,3 пайзызды құрап отыр, яғни қамту аумағына 537 мың шақты адам тұрып жатқан 617 елдi мекен енедi деген сөз. Аналогтан «цифрға» көшу «Цифрлы Қазақстан» мемелкеттiк бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда. Әлеуметтiк жобаның басты мақсаты — қазақстандықтарды тегiн сапалы телевизиямен қамтамасыз ету.

Дата публикации
25 января 2021
Дата обновления
25 января 2021
Тип

Сейчас читают

26 апреля 2024
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Солнышко» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына аудиторлық іс-шараның қорытындылары туралы
26 апреля 2024
«Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі аудиторлық іс-шараның қорытындылары туралы
25 апреля 2024
Солтүстік Қазақстан облысының 2024 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары