Меню

Страницы

Статья

Азаматтарды қабылдау орталығы

Азаматтарды қабылдау орталығы өз қызметін мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.

Азаматтарды қабылдау орталығында жайлы жағдайда:

  • кез келген мемлекеттік органға өтініш беруге;
  • мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының және олардың орынбасарларының жеке қабылдауына жазылуға болады («е-Өтініш» АЖ арқылы жеке қабылдауға жазылу жөніндегі нұсқаулықты онлайн форматта: жүктеу).

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-га дейін.

Сұрақтарды келесі телефон нөмірлері арқылы қоюға болады: 8 (7152) 32-03-64, 32-03-65

Орналасқан жері: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58/А

Қоғамдық көлік: 5, 7, 16, 23.

 

2026 жылдың қаңтар-шілде айларындағы өтініштермен жұмыс туралы

2026 жылғы қаңтар-шілде айларында 26 705 өтініш түсті, бұл 8% өсімді көрсетеді (2025 жыл – 24 577 өтініш). Анықтама: халықтың цифрлық сауаттылығының жоғарлауына байланысты.

Ең өзекті мәселелер:

  1. 14,9% - жер пайдалану (3973) 2025 жыл – 5650.

  2. 20,7% - білім беру (5553 өтініш) 2025 жыл – 3779.

  3. 12,3% - жер қатынастары (3278) 2025 жыл – 3499.

  4. 7,4% - ауыл шаруашылығы (1973) 2025 жыл – 1753.

  5. 5,4% - денсаулық сақтау (1452) 2025 жыл – 831.

Түскен өтініштер саны бойынша ТОП-5 аудан:

Петропавл қаласы (5125)

Қызылжар ауданы (2027)

Тайынша ауданы (853)

Айыртау ауданы (654)

М.Жұмабаев ауданы (578)

Жамбыл ауданы (534)

Арыз иелерінің әлеуметтік портреті: Барлығы 10 345 арыз иесі жүгінді. Олардың көп бөлігі 83,2% (8612) – жеке тұлғалар және 16,7% (1733) – заңды тұлғалар.

Анықтама: өтініш білдірушілердің басым көпшілігі жұмыс істеп жүргендер – 66,61% (5022), зейнеткерлер – 16,53% (1071), көп балалы отбасылар – 4,3% (311), мүгедектік тобы бар адамдар – 3,8% (399), жұмыссыз ретінде тіркелгендер – 6,56% (265).

Өтініш білдірушінің орташа жасы – 42 жас.

2026 жылғы қаңтар-шілде айларында ҚР Президенті Әкімшілігінен 153 өтініш келіп түсті (2025 ж. – 177), Үкімет Аппаратынан – 102 (2025 ж. – 136).

ТОП-5 СҰРАҚТАР:

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері – 24%;

Еңбек қатынастары және жұмысқа орналастыру - 21%;

Тұрғын үй мәселелері – 8%;

Жер мәселелері – 5%;

Әлеуметтік қамтамасыздандыру мәселелері – 4%.

 «Жеке қабылдауларды ұйымдастыру».

2026 жылғы қаңтар-шілде айларында облыс басшылығы 55 жеке қабылдау жүргізді, 234 адам қабылдады. Оның ішінде облыс әкімі – 15 қабылдау, 73 адам қабылданды, облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы – 47 қабылдау, 157 адам. (2025 жылғы қаңтар-шілде айларында облыс әкімі – 10 қабылдау, 50 адам қабылданды, облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы – 42 қабылдау, 164 адам).

Барлық деңгейдегі әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшылары 1670 қабылдау жүргізді, 2252 адам қабылданды (2025 жылғы қаңтар-шілде айларында –1964 қабылдау, 2641 адам).

Облыс әкімі аппараты жанындағы азаматтарды қабылдау орталығына 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында 603 адам келді. 74 қабылдау өтті, 225 кеңес берілді, 146 өтініш қабылданды. (2025 жылғы қаңтар-шілде айларында – 868 адам келді, 97 қабылдау өтті, 446 кеңес берілді, 215 өтініш қабылданды).    

Аудандардың және Петропавл қаласының әкімдіктері жанындағы азаматтарды қабылдау орталықтарына 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында 5361 адам келді. 330 қабылдау өтті, 1914 кеңес берілді, 2577 өтініш қабылданды. (2025 жылғы қаңтар-шілде айларында – 5681 адам келді, 514 қабылдау өтті, 3341 кеңес берілді, 216 өтініш қабылданды).

Облыстың жергілікті атқарушы органдарындағы өтініштерді қарау жұмысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және тұрақты бақылауда.

 

Өңірлік азаматтарды қабылдау орталығында 2026 жылғы 3-тоқсанға арналған жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық мемлекеттік органдар басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі (жүктеу)

Өңірлік азаматтарды қабылдау орталығында 2026 жылғы 2-тоқсанға арналған жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық мемлекеттік органдар басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі (жүктеу)

Өңірлік азаматтарды қабылдау орталығында 2026 жылғы 1-тоқсанға арналған жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық мемлекеттік органдар басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі (жүктеу)

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы азаматтарды қабылдау орталығында «Консультация» аймағында салалық басқарма қызметкерлерінің 2026 жылғы 3 тоқсанындағы кезекшілік кестесі (жүктеу)

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы азаматтарды қабылдау орталығында «Консультация» аймағында салалық басқарма қызметкерлерінің 2026 жылғы 2 тоқсанындағы кезекшілік кестесі (жүктеу)

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы азаматтарды қабылдау орталығында «Консультация» аймағында салалық басқарма қызметкерлерінің 2026 жылғы 1 тоқсанындағы кезекшілік кестесі (жүктеу)

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті (жүктеу)

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі: 8 (7152) 32-03-64, 32-03-65

2026 жылдың қаңтар-маусым айларындағы өтініштермен жұмыс туралы (жүктеу)

2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырудың қорытындылары туралы (жүктеу)

Өтініштер статистикасы (өту)

Дата публикации
19 декабря 2023
Дата обновления
10 августа 2026
Тип

Сейчас читают

12 августа 2026
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялық сипаттамасы және болашаққа болжамдар
10 августа 2026
2026 жылдың қаңтар-шілде айларындағы өтініштермен жұмыс  туралы
07 августа 2026
Михаил Бортник Солтүстік Қазақстан облысындағы сайлау учаскелеріне тексеру жасады

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты