Халықаралық Отбасы күнінде Жамбыл ауданының әкімі А.Б. Бектасов ерлі-зайыптыларды отбасылық өмірінің мерейтойымен құттықтау үшін Мецлер отбасына барды.
Владимир Андреевич пен Любовь Петровна 55 жыл отасып бірге болды. Олардың артында ұзақ жылдар некелік өмір ғана емес, сонымен бірге адал еңбек етті: отағасы - орманшы, жұбайы - дүкендегі сатушы.
Олар ауылда қарапайым өмір сүрді, бірақ, бұл қарапайымдылықта бәрі болды: қамқорлық, адалдық және бір-біріне деген терең құрмет.
Жастар үшін, өз жолын енді бастаған кез келген адамға - бұл үлкен өнеге: нағыз отбасы бір жылда емес, бірнеше жылда құрылады. Шыдамдылық, мейірімділік, өзара қолдау. Олар - жұмыста, күнделікті өмірде, іреніште, қуанышта - бірге болу.
Олардың өмір тарихы бізді ең бастысы - отбасын қорғауға шабыттандыратын күш.