Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі-СЭБ материалдары) келіп түсті.
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкое, Озерное, Архангелка, Пресноредуть, Украинское, Святодуховка, Жамбыл, Айымжан, Петровка ауылдарын дамыту және салу схемалары (Бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы)" жобасын стратегиялық Бағалау жөніндегі есепті (скрининг кезеңі) қамту саласын айқындау (скрининг кезеңі)
СЭБ материалдарын әзірлеуші: "EUROBASIS"ЖШС ("ЕВРОБАЗИС")"
СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ.
СЭБ әзірлеуге жауапты: Искаков Т. Е.
СЭБ материалдары бойынша қорытынды бергені үшін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
1) жобаны іске асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және оларды неге маңызды деп санайсыз?
2) жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
3) СЭБ жүргізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
4) сізде жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2039 жыл
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескерту мен ұсынысты қабылдау бойынша рәсімді өткізу мерзімі: 2025 жылғы 5 мамырдан 20 мамырға дейін (ескертуді және ұсынысты қабылдаудың соңғы күні-2025 жылғы 20 мамыр.
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8
Экологиялық саясат департаменті Тел 8-776-941-42-11; 8(7172) 74-02-83
e-mail: r.orynbasarova.gov.kz b.zhartybaeva.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде жіберуге болады:
Электронды түрде эл. Экология министрлігі кеңсесінің мекен-жайы (сіздің құжаттарыңызды кеңседе тел. бойынша алғаныңызды міндетті түрде нақтылау қажет)
СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:
Экология министрлігі сайтында ("қызмет" бөлімі - "Негізгі құжаттар" бөлімі - "Стратегиялық экологиялық бағалау" бөлімі)
https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/activities/directions?lang=ru
Тапсырыс берушінің сайтында.
https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl/activities/directions?lang=ru
«СҚО Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының орынбасары
А. С. Қайнетова