«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқау 2025 жылы басталғаны туралы жарияланады.
Байқау екі кезеңде: өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі. Оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Байқау лауреаттары атағы үш санатта беріледі:
1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;
2) орта кәсіпкерлік субъектісі;
3) ірі кәсіпкерлік субъектісі;
Және төрт номинация бойынша:
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекке ақы төлеуді және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың барынша көп санын жұмысқа орналастыру кадрларын кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйесі және т. б.) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.;
«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;
Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде жұмысшылардың денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін, еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
«Үздік ұжымдық шарт»;
Бұл номинацияда ҚР заңнамасында қарастырылған, жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қарастырылады;
«Экологияға қосқан үлесі үшін».
Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Сондай-ақ, «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» байқау аясында арнайы сыйлықақы қарастырылған.
Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 20 мамырына дейін «СҚО Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-де Пресновка ауылы, Дружба көшесі 6, 2-13-38 rynok_truda.2017@mail.ru электрондық мекен-жайында жүргізіледі.
«СҚО Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ