СҚО Жамбыл ауданының әкімі - Азамат Бектасовтың төрағалығымен көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңеске ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті және аумақтық атқарушы органдардың басшылары, облыстың қаржы ұйымдарының өкілдері, ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының өкілі, fуыл шаруашылығы техникасын, өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын жеткізуші фирмалардың өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты.
Ағымдағы жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын егу - 303,7 мың га алқапта қамтамасыз етіледі. әртараптандыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар дақыл-қарақұмық алқабы - 2,1 мың га дейін ұлғайтылатын болады.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 4,4 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. 22,8 мың тонна минералды тыңайтқыштар cіңіру жоспарлануда.
Аудан әкімі егіс науқанын оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, тұқымдарды тексеру, минералды тыңайтқыштарды сатып алу бойынша шарттар жасасу бойынша уақтылы рәсімдерді жүргізуді, дизель отынын уақтылы жөнелту және жеткізу жөніндегі мәселені ерекше бақылауға алуды және техниканың 100% дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.