Ауданның еріктілерімен және белсенді жастарымен кездесу

Ауданның еріктілерімен және белсенді жастарымен кездесу

2025 жылдың 26 наурызында аудан әкімі белсенді және шығармашыл жастармен сондай-ақ еріктілермен кездесу өткізді Жастар саясаты туралы Жастар ресурстық орталығының директоры Белескаева Анжелика баяндама жасады. Іс-шара барысында жастар өз қызметі мен бастамаларының әртүрлі аспектілеріне қатысты көптеген өзекті сұрақтар қойды

Қатысушылардың қызығушылығын тудырған медитация және артфото сабақтары сияқты қызықты жобалар ұсынылды Іс-шара соңында аудан әкімі еріктілерге белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдіріп, грамоталар мен ресми куәліктерді салтанатты түрде табыс етті