Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бизнес-қоғамдастықпен кездесуі

Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бизнес-қоғамдастықпен кездесуі

2025 жылдың 14 наурызында Жамбыл ауданында Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры – Қайрат Әлиханұлы Әбдіхановтың төрағалығымен өңірдің бизнес-қоғамдастығымен көшпелі кездесу өтті. Іс-шараға аудан әкімі, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер қатысты.
Кездесуде облыстың кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары – Жеңіс Абайұлы Қазиев баяндама жасады. Ол аймақтағы бизнестің қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді.
Талқылау барысында бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ өзекті мәселелерді шешу жолдары қаралды. Аталған барлық мәселелерді облыс прокуроры жеке бақылауға алды. Ол кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері прокуратураның ерекше бақылауында екенін және барлық күш-жігер бизнесті дамыту үшін құқықтық және әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталатынын атап өтті.
Облыс прокуратурасы бизнес үшін тұрақты және әділ құқықтық орта құру үшін кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.