АӨК саласындағы жұмыс кеңесі

АӨК саласындағы жұмыс кеңесі

2025 жылдың 13 наурызында Жамбыл ауданының әкіміА.Б. Бектасовтың төрағалығымен жергілікті атқарушы орган өкілдерінің және ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңесте ауыл шаруашылығы саласының жай-күйі, жер ресурстарын ұтымды пайдалану және салық заңнамасын түсіндіру мәселелері қаралды. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімінің, жер қатынастары бөлімінің, сондай-ақ мемлекеттік кірістер басқармасының басшылары баяндама жасады.

Кеңес барысында өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары белгіленді. Осы тапсырмалардың орындалуын аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарлары бақылауға алды.