Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды қалпына келтіру

Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды қалпына келтіру

"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" ҚР Заңының 36-бабына сәйкес, негізінде құқықтық кадастрда тіркеу жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасы (куәландырылған көшірмесі) жоғалған немесе бүлінген жағдайларда, құқық белгілейтін құжатты қалпына келтіру тіркеу ісінде сақталатын көрсетілген құжаттың көшірмесінен телнұсқа беру жолымен жүргізіледі.

Бұл талап нотариаттық куәландырудан өтпеген құжаттарға жатады.

Ол үшін құқық иеленуші (уәкілетті өкіл) құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру туралы өтінішпен жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуі қажет.

Жылжымайтын мүлікке құқықтар нотариат куәландырған мәміле, мұрагерлік құқығы туралы куәлік, меншік құқығы туралы куәлік негізінде құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) электрондық тіркеу арқылы туындаған жағдайларда құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын қалпына келтіру мынадай тәртіппен жүргізіледі.

Құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын алу үшін құқық иеленуші құжаттың телнұсқасын алу үшін нотариаттық тәртіппен құжатты куәландырған нотариусқа жүгінуі қажет.

Нотариустан құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын алғаннан кейін мүлік иесі жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын тіркеу туралы өтінішпен жүгінуі қажет.