Жамбыл ауданында 2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарын өткізу бойынша кеңес

Жамбыл ауданында 2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарын өткізу бойынша кеңес

2024 жылдың 17 сәуірінде аудан әкімі — Азамат Бауыржанұлы Бектасовтың төрағалығымен Жамбыл ауданы Казанка ауылының мәдениет үйінде 2024 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі бойынша кеңес өтті.

Кеңеске ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары, жергілікті және аумақтық атқарушы органдардың басшылары, ауыл шаруашылығы техникасын, химиялық қорғау құралдарын жеткізуші фирмалардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты.

Кеңес барысында басшылардың алдына тапсырмалар беріліп және міндеттемелер қойылды.