Аудан әкімі қарттар күнімен құттықтады

Аудан әкімі қарттар күнімен құттықтады
1991 жылдан бастап жыл сайын 1 қазанда БҰҰ бастамасымен Халықаралық қарттар күні атап өтіледі.
​Бұл күні біздің әкелеріміз бен аналарымызға, аталарымыз бен әжелерімізге, соғыс, еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге және барлық қарт тұрғындарға ауданымыздың дамуына қосқан үлесі, көп жылдық адал еңбегі, мейірімділігі мен даналығы үшін жылы лебіздерін білдіруге тамаша мүмкіндік бар!
​Бүгін Жамбыл ауданының әкімі - М. Оспанов еңбек ардагері, «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері - Сейітқали Сақанұлы Қожахметов пен тыл еңбеккері - Иван Васильевич Горобченконы барып мерекемен құттықтады. Медет Дулатұлы оларға зор денсаулық және ұзақ өмір тіледі. Жасы ұлғайғанына қарамастан, олар әлі де жас және белсенді өмірлік ұстанымын жоғалтпайтыны қуантады.