«Соңғы қоңырау»

«Соңғы қоңырау»

Бүгінде бүкіл ел бойынша мектеп түлектеріне «Соңғы қоңырау» үні соғылады. Бұл күні Жамбыл ауданының әкімі — М. М. Ескендіров Қожаберген Жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің түлектері мен педагогтарын құттықтады.

Бүгін 19 бала мектеппен қоштасты. Оларды туған мектебі — екінші үйлері үлкен жолға шығарып салды. Алда өмір, жаңа жетістіктер мен жеңістер күтіп тұр. Аудан әкімі педагогикалық ұжымды, оқушыларды және олардың ата-аналарын мерекемен құттықтап, мектеп түлектеріне жылы лебіздерін білдірді.

Екі оқушыға Мырзаш Жансая мен Баязит Сабинаға аудан әкімі — М.Ескендіров «Лесная поляна» жазғы сауықтыру лагеріне жолдама табыстады.