Балаларды қорғау күні

Балаларды қорғау күні

Шуақты жаздың бірінші күні біз балалардың басты мерекесі – балаларды қорғау Күнін атап өтеміз. Біздің кішкентай және жас азаматтарымыздың алда жарқын әсерлермен, қызықты оқиғалармен, кездесулермен және жаңалықтармен көптен күткен жазғы каникулдары бар. Сондықтан, 1 маусым олар үшін жылдың ең қуанышты және есте қаларлық күндерінің бірі.

Қожаберген Жырау атындағы орталық алаңда балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерт өтті. Бұл күні кәсіпкер - Мария Рахматуллина балаларға сыйлықтар таратты, кәсіпкер - Виктор Малютин балаларға тегін балмұздақ таратты.