Встречи с населением

Встречи с населением

Бүгін Жамбыл ауданының әкімі – М.Ескендіровтың Кладбинка ауылы мен Новорыбинка ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуі өтті.

Ауыл тұрғындарына 2022 жылғы атқарылған жұмыстар және 2023 жылға арналған жоспарлар туралы қысқаша ақпарат берілді.

Әңгіме барысында тұрғындар абаттандыру және сумен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға түсініктемелер мен тиісті тапсырмалар берілді.

Кладбинка ауылындағы кездесу соңында аудан әкімі М. Ескендіров азаматтарды жеке қабылдады.