Жамбыл аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Жамбыл аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Жамбыл аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

2023 жылғы 27 ақпанда облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі С.В. Калининнің қатысуымен 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған ҚР Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңестер өтті. Кеңеске жергілікті атқарушы билік органдары, аудандық прокуратура және аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері, кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдері, байқаушылар қатысты.

Семинарларға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҰҚК, ПБ, ТЖ қызметкерлері қатысты.

Кеңес барысында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі С. В. Калинин сайлау заңнамасының жаңалықтары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды партиялық тізімдер бойынша және №24 бірмандаттық округ бойынша тіркеу қорытындылары, кандидаттарды партиялық тізімдер және бір мандатты округтер бойынша облыстық мәслихатқа тіркеу туралы айтып берді.

Жамбыл ауданында 47 сайлау комиссиясы бар, оның ішінде 1 аумақтық (6 мүше), 11 округтік (55 мүше), 35 учаскелік комиссия (185 мүше) бар.

Сондай-ақ, семинар — кеңес аясында ПБ, ТЖ қызметкерлері сайлау учаскелерінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдар үшін ерекше жағдайлар жасалатын болады, дауыс беруді өткізу кезеңінде тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған сайлаушылардың қолжетімділігін ескере отырып, бұрыштар ұйымдастырылатын және кабиналар жабдықталатын болады.

Семинардың екінші бөлімінде учаскелік сайлау комиссиялары үшін іскерлік ойын түрінде тренингтер өткізілді. Дауыс беру күні берілетін 5 бюллетень туралы кеңінен айтылды. Ойын барысында дауыс беру күнінің жұмысы көрсетілді (учаске ашу, бюллетеньдер беру, есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беру, дауыс беру нәтижелерін есептеу, хаттамаларды ресімдеу).

Семинар соңында учаскелік комиссия мүшелерінің барлық сұрақтарына жауап берілді.