Құрметті прокуратура қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрметті прокуратура қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Қазақстан Республикасының прокуратура күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде прокуратура органдары қазақстандық мемлекеттілікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда, ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауда негізгі рөл атқарады.

Сіздердің қатарларыңызда жоғары білікті заңгерлер, өз ісінің нағыз кәсіпқойлары қызмет етеді, өз борыштарын жауапкершілікпен және адал атқарады. Прокуратура қызметкері үшін абырой, әділдік және табандылық сияқты қасиеттер жұмыста да, өмірде де бірінші орында болып табылады.

Аудандағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға лайықты үлес қосқан және жинақталған тәжірибені жас ұрпаққа берген прокуратура қызметкерлеріне де, ардагерлерге де ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге бақыт, денсаулық, амандық, жұмыста табыс тілеймін!