Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті жамбылдықтар, ауыл еңбеккерлері, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ауыл шаруашылығы Жамбыл ауданы экономикасының маңызды саласы болып табылады. Саланың негізгі бағыттары-егіншілік және мал шаруашылығы. Ауарайының қолайсыздығына қарамастан биыл, жақсы өнім жиналды. Егін жинау науқанының қорытындысы бойынша өнімділік 17 ц/га-дан асты.

Жыл сайын материалдық-техникалық база жаңартылып отырады, заманауи техника жұмыс істейді. Жыл басынан бері 79 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Ауыл шаруашылығы жануарларының саны көбейіп келеді сүт-тауар фермасы салынуда.

Біздің ертеңгі күнге деген сеніміміз астық, мал өсірушілердің, механизаторлардың, көптеген басқа мамандықтардың еңбек нәтижелеріне байланысты.

Құрметті жерлестер! Сіздерге шын жүректен денсаулық, амандық, ауданымыздың игілігі үшін маңызды жаңа жетістіктер тілеймін.