«Есептің бірыңғай күні» бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында хабарлайды

«Есептің бірыңғай күні» бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында хабарлайды

Құрметті кәсіпкерлер!!!

2022 жылғы 29 қыркүйекте сағат 15:00 – де бизнес – қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп күніне» қатысуға шақырамыз, ол отырысқа бейне конференц байланыс арқылы қосыла отырып, аудандық әкімдікте өтеді.

Есептiң бiрыңғай күнi кәсiпкерлiк субъектiлерiмен мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың профилактикасын жүзеге асыру нәтижелерiн талқылау бойынша, кәсiпкерлiк субъектiлерi мен мемлекеттiң өзара iс-қимылын жақсарту, бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша сындарлы шешiмдер тұжырымдау, қауiпсiз қызметтi жүзеге асыру үшiн кәсiпкерлiк субъектiлерi мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттiң бақылау-қадағалау қызметi реформасын iске асыру шеңберiнде мемлекеттiк бақылау және қадағалау мәселелерi заңнамасының мiндеттi талаптарын талқылау бойынша өткiзiледi.