Бауман ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті

Бауман ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті

Кеше Жамбыл ауданының әкімі - М.Ескендіровтың Озерный ауылдық округінің Бауман ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуі өтті, оған аудандық мәслихат депутаттары, полиция бөлімі бастығының орынбасары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Ауыл тұрғындарына 2021 жылы атқарылған жұмыстар және 2022 жылға арналған жоспарлар туралы қысқаша ақпарат берілді. Әңгіме барысында тұрғындар сумен жабдықтау, абаттандыру, пошта байланысы мәселелерін көтерді. Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға түсініктемелер мен тиісті тапсырмалар берілді.