Благовещенка және Петровка ауылдарының тұрғындарымен кездесу

Благовещенка және Петровка ауылдарының тұрғындарымен кездесу

Кеше Жамбыл ауданының әкімі М.Ескендіров - Благовещенка ауылдық округінің Благовещенка және Мирный ауылдық округінің Петровка ауылдарының тұрғындарымен кездесулер өткізді, оған аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Ауыл тұрғындарына 2021 жылы атқарылған жұмыстар және 2022 жылға арналған жоспарлар туралы қысқаша ақпарат берілді. Әңгіме барысында тұрғындармен сумен жабдықтау, жолдарды жөндеу, абаттандыру, ұялы байланыс және интернетке қатысты сұрақтар қойылды. Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға түсініктемелер мен тиісті тапсырмалар берілді.

Благовещенка ауылында кездесу соңында аудан әкімі - М.Ескендіров азаматтарды жеке қабылдады.