Есептерді қарау «Монополист базасы» ақпараттық жүйесінің құралдары бойынша

Есептерді қарау «Монополист базасы» ақпараттық жүйесінің құралдары бойынша

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында табиғи монополиялар субъектісінің (ТМС) бекітілген тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді уәкілетті органға жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей ұсыну міндеті көзделген.

Заңның осы нормасын орындау үшін Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қызметін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілері ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің атына өз қызметінің 2021 жылғы қорытындылары бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге бекітілген тарифтік сметаның және бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді, негіздейтін құжаттарды қоса бере отырып, ұсынды.

Монополистердің есептері қарауға «Монополист базасы» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта қабылданды және басқалар үшін де еркін қолжетімділікте тұр (есептермен танысу үшін https://www.bazamonopolist.gov.kz сілтемесі бойынша өте отырып, аймақты және «Есептер» өтінім түрін таңдау қажет).

Қазіргі уақытта Департамент ТМС тарифтік сметаларының және инвестициялық бағдарламаларының орындалуы туралы ұсынылған есептеріне талдау жүргізуде.

Сонымен қатар, табиғи монополиялар туралы заңнаманың 29-бабының 3) тармақшасына сәйкес қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасында белгіленген құқықтардан басқа, табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметасы мен инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есептерді уәкілетті органның қарауына да қатысады.

Осыған байланысты, Департамент қоғамдық бірлестіктердің және басқа да мүдделі тұлғалардың ТМС 2021 жылға бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді қарауға қатысу және dkrem.sko@economy.gov.kz Департаменттің электрондық мекенжайына ТМС есептері бойынша ұсыныстар мен ескертулерді 2022 жылғы 20 маусымға дейін ұсыну мүмкіндігі туралы хабарлайды.