Железное ауылы тұрғындарымен кездесу

Железное ауылы тұрғындарымен кездесу

Бүгін Жамбыл ауданының әкімі М. Ескендіровтың Преснов ауылдық округінің Железное ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуі өтті, оған аудандық мәслихат депутаттары, аудан прокуроры, қоғамдық кеңес төрағасы, жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Ауыл тұрғындарына 2021 жылы атқарылған жұмыстар және 2022 жылға арналған жоспарлар туралы қысқаша ақпарат берілді. Әңгіме барысында тұрғындар жолдарды жөндеу, сумен жабдықтау, абаттандыру мәселелерін көтерді. Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға түсініктемелер мен тиісті тапсырмалар берілді.