Озерное ауылы тұрғындарымен кездесу

Озерное ауылы тұрғындарымен кездесу

Ағымдағы жылдың 19 мамырында Жамбыл ауданының әкімі — М. Ескендіров Озерное ауылының тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Әкім ауыл тұрғындарына 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы қысқаша мәлімет беріп, ауданның 2022 жылға арналған даму жоспарын атап өтті.

Кездесу барысында тұрғындар сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді. Тұрғындардан келіп түскен негізгі мәселелер жолдарды жөндеу, жайылымдардың жетіспеушілігі, әлеуметтік нысандарды жөндеу болды.

Кездесу соңында аудан әкімі М. Ескендіров азаматтарды қабылдады.