ӨТЕ ШҰҒЫЛ!

ӨТЕ ШҰҒЫЛ!

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мемлекеттік органдар мен облыс тұрғындарын интернет кеңістігі арқылы қандай да бір мәліметтерді ұсыну бойынша сұраныстардың жоқ екендігі туралы хабарлайды (интернет-сайттар, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және электрондық мекенжайлар).

Прокуратура органдары басқа мемлекеттікоргандармен біріктірілген арнайы ақпараттық жүйелер арқылы тиісті рәсімделген сұрауларды жіберу арқылы ақпараттарды талап ететіндігін атап өтеміз.

Егер сұрау салынған ақпараттың шығуы туралы сұрақтар туындаған жағдайда (сұрау түскен жағдайда), Сіз сәйкес аумақтық прокуратура органдарынан (облыс, қала, аудан) тікелей біле аласыз.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі