Жеке куәлік пен төлқұжатты қалай рәсімдейміз?

Жеке куәлік пен төлқұжатты қалай рәсімдейміз?

Қазақстан Республикасы азаматтарының, тұрғылықты мекен-жайына қарамастан, жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жеке басын куәландыратын құжаттар Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты болып табылады. Ал біз сізге бұл жайлы қысқаша ақпарат беретін боламыз.

Жеке куәлік немесе төлқұжат алу үшін сізге тұрғылықты жеріңіз немесе уақытша орны бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) жүгіну қажет.

ҚР азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап, 10 жылға беріледі.

ҚР азаматының паспорты азаматтардың қалауына қарай, ҚР аумағынан тыс жерге шыққанда жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Паспорт 10 жылға беріледі.

16 жасқа толған жасөспірім жеке куәлікті алу үшін ХҚО-ға ата-анасының бірімен келуге міндетті

Төленетін баж алымы:

Паспорт – 8 АЕК

Жеке куәлік – 0,2 АЕК

Құжат 15 жұмыс күні ішінде жасалады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке куәліктер мен төлқұжаттардың мерзімін жиі тексеріп, уақыты таяса, оны ауыстыру үшін ХҚО-ға кезекті алдын ала брондап қою керектігін ескертеді.

Жеке басты куәландыратын құжаттар – жеке куәлік пен төлқұжат 10 жылға берілетіндіктен, адамдар көбіне оның мерзіміне қарауды ұмытып кетеді. Тіпті мерзімі өтіп кеткен құжатпен жүре беретін, кейін «әттеген-ай» деп сан соғып қалатын жағдайлар да жоқ емес. Және мұндай бейқамдыққа әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін. Сондықтан құжат мерзімін тексеріп, уақыты таяса, оны ауыстыру үшін алдын ала қамданып, кезекті брондап қойған жөн.

Жеке басты куәландыратын құжатты мерзімі өтуіне, аты-жөнін өзгертуіне, құжаттың зақымдалуы мен жоғалуына байланысты қайта алу үшін Қазақстанның кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады, бұл орайда азаматтың қай жерде тұратыны және қай мекенжайда тіркелгені маңызды емес. Ал жеке куәлікті алғашқы рет алатын азаматтар, яғни 16 жасқа жаңа толып жатқан тұлғалар тіркелген тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға баруы тиіс.

Егер сізде құжаттарды алу процесін жеделдету қажеттілігі туындаса, онда жеке куәлікті ресімдеудіе 3 жұмыс күні мерзімінде жеделдетілуі мүмкіңіз бар.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша филиалының баспасөз қызметі