СҚО әкімінің үндеуі

СҚО әкімінің үндеуі

Қымбатты жерлестер!

Елімізде соңғы күндері орын алған жағдай бәрімізге үлкен сын болды. Қазір баршамызға мемлекетімізді сақтау міндеті тұр. Президент елдегі ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар тапсырмалар беріп, нақты қадамдар жасады.

Еліміздің кейбір қалаларында қиын ахуалды өз мақсатына пайдаланған криминалдық топтар да болды. Олар тәртіпсіздік пен заңсыздыққа барды. Адамдар шығыны бар.

Облысымызда лаңкестік қауіптің бетін қайтару үшін тиісті күштер мен ресурстар жеткілікті. Негізгі мемлекеттік органдар штаттық режимде жұмыс істеуде. Біздің міндет – облыстағы маңызды нысандардың жұмыс істеуін және тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету.

05-ші қаңтардан бастап елімізде, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында да Төтенше жағдай енгізілді. Бірқатар шектеулер болады.

Бұл туралы біздің облыс бойынша комендант, полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев бейне үндеуінде нақты айтады.

Осы орайда, солтүстікқазақстандықтарды арандатушылыққа бой алдырмауға шақырамын. Бұл күндері өңір тұрғындары елдің тыныштығын бұзатын әрекеттерге барған жоқ. Жоғары мәдениеттілік пен  сауаттылық танытты.  

Бізге облыс аумағында заңсыздыққа  барғысы келетін кейбір адамдар туралы ақпарат келуде. Бұл әрекеттер қатаң жазаланып, заңды бұзғандар жауапқа тартылады.

Жерлестеріме айтарым, бүгінгі жағдайға түсіністікпен қарау қажет. Бұл уақытша қиындықтар, оның барлығын бірігіп жеңеміз.

Алдағы уақытта да сабырлық танытуға шақырамын. Елдегі бейбітшілікті сақтау үшін тәртіп сақшыларына барынша көмектесу қажет. Облыстағы жағдай туралы сіздерге жиі баяндайтын боламын.

Төтенше жағдай кезеңінде Петропавл қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы аумағында шектеу шараларын қолдану туралы