Жүргізушіге көмек көрсету!

Жүргізушіге көмек көрсету!

2021 жылдың 28.12. Чапаевка ауылының маңындағы Петропавл-Қостанай Республикалық тас жолында тез бұзылатын өнімдермен тиелген DAF маркалы фура кюветке түсіп кетті. Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері Первомай ауылдық округінің әкімі — А. Б. Шуақпаев, Жамбыл ауданының полиция бөлімінің учаскелік инспекторы — Д. Б. Аманжолов оқиға орнына келді. Анықталғандай, ауыр салмақты жүк тиелген көлік Түркиядан Петропавл аласына қарай бет алған екен. Жүргізуші рөлді басқара алмағандықтан ауыр салмақты көліктің тіркемесі жолдан шығып кеткен. Көмек көрсету үшін ЖПБ-67 ЖПП-13 техникасы оның жүргізушілері — В. М. Каськов, «Рубин» ФШ жүргізушісі — Д. Н. Веревкин уақытында жетті. Үлкен жүкті тас жолға қайтару үшін аз күш жұмсалаған жоқ, өйткені оның жалпы салмағы шамамен 30 тоннаға жетті. Көмектің нәтижесінде үлкен жүк тас жолға шығарылды. Жүргізуші барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, әрі қарай жолға шықты.