Арнайы мемлеткеттік жәрдемақы кімдерге тиесілі

Арнайы мемлеткеттік жәрдемақы кімдерге тиесілі

Сіздер Қазақстанда басқа да әлеуметтік төлемдермен қатар, 20-ға жуық азаматтардың санатына арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленетінін білесіздер ме?

Бұл жәрдемақы түрі келесі азаматтарға тиесілі:

  • ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар;
  • қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жесірлері;
  • ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан әскерилердің отбасылары;
  • қоршауда қалған Ленинград тұрғындары;
  • кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерь тұтқындары;
  • Чернобыль АЭС-дағы және басқа да апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың отбасылары және басқалары.

Жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеуге болады.

Қандай құжаттарды ұсыну қажет?

* белгіленген үлгі бойынша өтініш;

* жеке басын куәландыратын құжат;

* банк шоты бойынша мәліметтер;

* жәрдемақыны алу құқығын растайтын құжат.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі