Мемлекеттік қызметтер: «Сапаны арттыру»

Мемлекеттік қызметтер: «Сапаны арттыру»

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтер аудан тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қажеттілік өсуінің оң серпініне байланысты көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру сапасын жақсартуға көп көңіл бөлінеді. Халыққа ыңғайлы болу үшін қағаз құжат айналымын азайту және цифрландыру аясында қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде .

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімімен төрт мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру.

2) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып, тіркеу, қайта тіркеу.

3) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру.

4) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу.

Бөліммен көрсетілетін үш қызмет портал арқылы үйден шықпай-ақ электронды түрде алынуы мүмкін https://www.elicense.kz. бұл қызметтер:

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру».

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып тіркеу, қайта тіркеу».

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу».

Мемлекеттік қызметтерді веб-портал арқылы алу үшін www.egov.kz, www.elicense.kz электрондық-цифрлық қолтаңбаның болуы қажет. (бұдан әрі-ЭЦҚ). ЭЦҚ көмегімен жеке және заңды тұлғалар порталда тіркеледі, қажетті қызметті таңдайды, қажетті құжаттарды, төлемді тіркейді, төрт қызметтің үшеуі ақылы болып табылады, көрсетілетін қызметті берушілер тізімінен қажетті ауданды таңдайды және қызметке тапсырыс береді. Қызмет көрсетудің белгілі бір мерзімдері өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне өтініштің мәртебесі, тапсырыс берілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алу орны мен уақыты туралы хабарлама келеді.

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі. «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы көрсетілуі мүмкін.

Бөлімде кіру бұрышы орнатылған, онда қажет болған жағдайда порталға кіріп, қажетті мемлекеттік қызметке тапсырыс беруге болады. Бұрыш барлық қажетті заттармен жабдықталған – Интернетке шығатын компьютер, веб-камера, принтер-сканер.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Бөлімнің ресми сайтында орналастырылған: http://osh-zhb.sko.gov.kz. барлық қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V ҚР Заңына, бекітілген қағидалар мен стандарттарға сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және бөлім қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін арттыру мақсатында мамандар арасында Мемлекеттік қызмет көрсету көрсеткіштерін жақсарту бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, мерзімдерді бұзуға жол бермеу бойынша бақылау жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша, оның ішінде оларды электрондық түрде және ХҚКО-да алу мүмкіндігі туралы ақпараттық жария ету жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы қосымша ақпаратты 2-25-85, 2-11-16, 2-12-06 телефондары арқылы бөлімнің сайтынан  http://osh-zhb.sko.gov.kz, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығында  мына 1414, 8 800 080 7777 телефон нөмірлері бойынша алуға болады.