Күтпеген жағдайлардан ешкiм сақтандырылмаған, сондай жағдайлардың бiрiнде сiзге ЭЦҚ керек болып қалуы да мүмкiн. Бұрын шетелде жүрiп ЭЦҚ алу қиындық тудыратын, қазiр сiз ЭЦҚ-ны алу үшiн елшiлiкке немесе консулдыққа жүгiне аласыз.
Ол үшiн сiзге:
Бұдан кейiн консулдыққа барып, сайтта өтiнiш берген соң қалыптастырылған анықтама мен жеке куәлiктi ұсыну қажет. Лауазымды тұлға ақпараттық жүйеде өтiнiмдi растаған соң өтiнiш жасаған компьютерден www.pki.gov.kz порталында шығарылған сертификаттарды (ЭЦҚ) жүктеп алуға болады.
Бүгiнгi таңда бұл қызмет Абу-Даби, Бiшкек, Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Прага, Санкт-Петербург, Сеул, Ыстамбұл және Майндағы Франкфурт қалаларында орналасқан 10 дипломатиялық өкiлдiкте қолжетiмдi.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметi