Бiз ең қажеттi анықтамаларды ХҚО-ға жүгiнбей-ақ, Egov порталы арқылы алуды үйренiп қалдық. Бiрақ ноутбук немесе компьютер болмағанда не iстеуге болады? EgovKzBot2.0 телеграм-боты осыған ұқсас жағдайлар үшiн құрылған. Оның көмегiмен сiз смартфон арқылы қажеттi анықтамаларды ала аласыз. Қазiр телеграм-бот арқылы 30-дан астам мемлекеттiк қызмет пен сервис қолжетiмдi — сотталмағандығы туралы анықтама, тiркеу туралы ақпарат, айыппұлдарды тексеру, зейнетақы аударымдары туралы үзiндi көшiрме және басқалар. Сондай-ақ бот арқылы ХҚО-ға кезекке тұруға болады.
Ботты пайдалана бастау үшiн смартфонға Telegram мессенджерiн орнатыңыз және iздеу жолында @Kenes1414Bot деп енгiзiңiз. Бот қызметтерiн пайдалану үшiн Сiз азаматтардың мобильдi базасында тiркелiп, нөмiрiңiздi ЖСН-мен байланыстыруыңыз керек. Содан кейiн "старт" батырмасын басып, қажеттi қызметтi табыңыз.
Бiлген маңызды!
* Егер SMS-код алу бойынша қиындықтар туындаса, 1414 байланыс орталығына хабарласыңыз және ұялы телефоныңызды ауыстырғаныңыз туралы операторға хабарлаңыз.
* Телеграм-Ботта жаңа қызмет пайда болған кезде оны пайдалану үшiн ботты қайта жаңарту қажет. Бұл мәзiрдiң "Тарихты тазарту" тармағын пайдаланып, содан кейiн "Бастау"түймесiн басу арқылы жасалады.
Телеграм-Боттың навигациясы ыңғайлы және түсiнiктi, анықтамаларды кез келген жерден алыңыз!
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалы