Көлiктi қайта рәсiмдеу

Көлiктi қайта рәсiмдеу

Сатып алған көлiгiңiздi өз атыңызға рәсiмдегiңiз келсе, оны автоХҚО-ға барып iске асыруға болады. Алайда өз уақытыңызды үнемдеудiң таптырмас әдiсi бар. Сiз оны Kaspi.kz қосымшасы арқылы қайта рәсiмдей аласыз.

Ол үшiн сiз және көлiктi сатушы тарапқа қосымшада бiрнеше батырманы ғана басу қажет.

САТУШЫ: Kaspi.kz қосымшасына кiрiп, «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнен «Автокөлiктi қайта рәсiмдеу» қызметiн таңдау қажет. Әрi қарай көлiктi тiркеуден шығару батырмасын басып, сатып алушының деректерi мен көлiк құнын көрсету қажет. Егер сатушы өзiнiң мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн өз атына қалдырғысы келсе, тиiстi жерге белгi қою тиiс. Бұдан кейiн өтiнiмге Kaspi электрондық қолтаңбасы қойылады. Содан кейiн «Көлiктi тiркеуден шығарылды» деген SMS-хабарлама келiп түседi.

САТЫП АЛУШЫ: «Автокөлiктi тiркеуге қою» қызметiн таңдап, сатып алу сомасын енгiзе отырып, көлiк туралы мәлiметтерiн растауы тиiс. Мемлекеттiк нөмiр мен техпаспортты алып кететiн мамандандырылған ХҚО-ның мекенжайын көрсетедi.

Рәсiмдеу процесi өтiнiмге қол қою мен қажеттi баж алымдарын төлеумен аяқталады.

Көлiктiң тiркелгендiгi жайлы хабар Kaspi қосымшасына үш сағат iшiнде келедi.

Қызмет құны: Техпаспорт — 3646,25 тг, Көлiктiң жаңа нөмiрi — 8167,60 тг, Тiркеу үшiн — 729,25 тг.

Рәсiмдеудi бастамас бұрын Kaspi электрондық қолтаңбасын алдын ала алғаныңыз жөн.

«Азаматтарға арналға үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша баспасөз қызметi
gov4c.kz