Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округінің Троицкое ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылуы

Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округінің Троицкое ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылуы

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 2021 жылдың 16 маусымында Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округінің Троицкое ауылында аудан әкімі — Марат Мәкенұлы Ескендіровтың, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары — Владимир Ильич Волковтың, Троицкий ауылдық округінің әкімі — Әуез Смаилұлы Темешевтің, жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман – Сергей Вячеславович Шевелевтың қатысуымен өрт сөндіру бекеті ашылды. Өрт сөндіру бекеті директоры — Ғали Минайдарұлы Құсайынов болып табылатын «Мак» ЖШС базасында ашылды.

Бұл өрт сөндіру бекеті ауданда — алтыншы, ол халық саны 563 адам болатын 2 елді мекенге қызмет көрсететін болады. Өрт сөндіру бекеттерінің санын арттыру жалғасатын болады, өйткені халықты төтенше жағдайлардан қорғау жергілікті атқарушы органдардың ажырамас міндеті болып табылады.