Жер кадастры бойынша қызметтер ХҚО арқылы қолжетiмдi

Жер кадастры бойынша қызметтер ХҚО арқылы қолжетiмдi

2021 жылғы 30 наурызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде (МЖК ААЖ) техникалық ақау туындады. Соның салдарынан электронды түрде бiрнеше мемлекеттiк қызмет көрсету мүмкiн болмады.

Қазiргi таңда eGov.kz порталында «Жер учаскелерiне актiлер дайындау және беру», «Жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын айқындау», «Жобаланатын жер учаскесiн МЖК ААЖ графикалық деректерiмен келiсу», «Жер учаскесiнiң сапалық жай-күйi туралы мәлiметтер беру», «Мемлекеттiк жер кадастрынан мәлiметтер беру» қызметтерi қолжетiмсiз.

Қалыптасқан жағдайды реттеу үшiн МЖК ААЖ сервистерi өзгертiледi. Оған дейiн жер кадастры бойынша барлық мемлекеттiк қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ұсынылады.

«Бiз клиенттердi өз бөлiмшелерiмiзде қабылдауды шештiк, өйткенi алған жауапкершiлiгiмiздi және осындай қызмет түрлерiн ұсыну бойынша мүмкiндiктерiмiздi түсiнемiз. Бiз операторлардың кеңес беру жұмысын қайта жедел бағдарлап, оларға арнайы оқыту өткiздiк, бұл жағдайды тез шешуге мүмкiндiк бередi. Сервистi түрлендiру процесi аяқталғаннан кейiн жер кадастры бойынша қызметтер eGov.kz арқылы қайтадан қолжетiмдi болады. Бүгiнде клиенттерге қызмет алу үшiн жер телiмi орналасқан ауданға қарасты ХҚО-ға жүгiну қажет»,– деп түсiндiрдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Әдiл Қожықов.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi